Көлік министрі Қарабаев еліміздегі ең нашар жолмен жүріп өтті

Жолды толық қайта құру жұмыстары келесі жылы басталады
Sputnik
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтөбе өңіріне сапары барысында еліміздегі ең нашар жолдардың қатарына жататын "Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" тас жолын көлікпен жүріп өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі
Көлік министрі Қарабаев еліміздегі ең нашар жолмен жүріп өтті
Қарабаев жолдың бір бөлігінде қайта құру жұмыстары басталғанын атап өтті.
"Ақтөбе мен Хромтау арасындағы 30 шақырымдық жол учаскесін Sine Midas Stroy мердігері салып жатыр. Жол толығымен қайта жаңартылғанша ең нашар деп танылған 66 шақырымдық жол бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір оның 36 шақырымы жөнделді", - деді Марат Қарабаев.
Қайта құру жұмыстары келесі жылы басталады. Қазіргі уақытта Ақтөбе ауылы мен Ақжар ауылының арасы, Просторный ауылы мен Хромтау қаласының арасы, Құдықсай мен Бөгетсай ауылдары арасы және Бөгетсай және Қарлау ауылдары арасы қалыпқа келтірілді.