АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ақтауда "Бірлестік – 2024" халықаралық оқу-жаттығуына қатысушы елдердің қорғаныс министрлері әскери нысандарды аралады, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Руслан Жақсылықов Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әріптестерін сеніп тапсырылған әскери бөлімшелердің оқу-жауынгерлік мүмкіндіктерімен және оқу-жаттығуды өткізу шарттарымен таныстырды", - делінген хабарламада.
Айта кетері, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери делегациялары батыс өңірге "Бірлестік – 2024" халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді кезеңін бақылау үшін келген еді.
Министры обороны стран-участниц международного учения "Бiрлестiк-2024" посетили военные объекты в Актау
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
Қорғаныс ведомстволарының басшылары алдымен Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің зымыран-артиллериялық кемесінде болды.
Первым пунктом посещения стал ракетно-артиллерийский корабль Военно-морских сил Вооруженных сил Казахстана
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана / AZAMAT KHOZHIN
Содан кейін шетелдік қонақтар сүңгуір орталығына да барды. Оқу-жаттығу кешенінде олар жауынгер жүзушілерді кәсіби дайындау барысында қолданылатын қару-жарақ пен техникалық құралдарды қарап шықты.
Министры обороны стран-участниц международного учения "Бiрлестiк-2024" посетили военные объекты в Актау
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
25744 әскери бөлімінде теңіз жаяу әскерлерін дайындау жүзеге асырылатын оқу тренажерлері көрсетілді.
Министры обороны стран-участниц международного учения "Бiрлестiк-2024" посетили военные объекты в Актау
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
Шетелдік делегация басшылары "Оймаша" полигонында әскери қызметшілерді орналастыру және тамақтандыру жағдайымен танысты. Қару-жарақ пен әскери техниканы тексерген соң олар әскери атыс алаңына барды. Онда достық армияларының әскери қызметшілері тактикалық атыс элементтерін орындады.
Министры обороны стран-участниц международного учения "Бiрлестiк-2024" посетили военные объекты в Актау
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
Жауынгерлер тапсырмаларды сәтті орындап, ату кезінде керемет шеберлік пен дәлдік көрсетті.
Министры обороны стран-участниц международного учения "Бiрлестiк-2024" посетили военные объекты в Актау
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана
Сонымен қатар қорғаныс ведомстволарының басшылары "Батыс" жедел қолбасшылығы әскерлері біріккен тобының басқару пунктінде болып, оның мүмкіндіктерімен және оқу-жаттығудың жоспарымен танысты.
Министры обороны стран-участниц международного учения "Бiрлестiк-2024" посетили военные объекты в Актау
© Photo : Пресс-служба Минобороны Казахстана