Ақмола облысындағы орманнан көне археологиялық артефакт табылды

Sputnik
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ақмола облысында "Орман" профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде артефакт табылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ақмола облысындағы орманнан көне археологиялық артефакт табылды
Тасқа қашалған адамның келбетіне Сандықтау ауданы ТЖБ қызметкерлері кез болған.
"Тарихи олжа туралы Ақмола облысы ТЖ департаментіне және жергілікті өлкетану мұражайына хабарланды. Бұл туралы ақпарат Астанадан ғана емес, тіпті алыс шетелден келген ғалымдарға да мәлім болды", - деп жазылған хабарламада.
Ақмола облысындағы орманнан көне археологиялық артефакт табылды
ТЖ қызметкерлері қонақтарды ескерткішпен таныстырды. Бүгінгі таңда мүсіншінің ежелгі өнімі қай дәуірге жататынын айту мүмкін емес.
Ақмола облысындағы орманнан көне археологиялық артефакт табылды
Ғалымдардың пікірі екіге бөлінді. Кейбіреулер бұл тас қола дәуірінен бері бар десе, ал басқалары оны кейінгі түркі кезеңіне жатқызады. Тіпті, ғалымдардың бірінің пікірінше, Сібірде табылған артефактілерге ұқсайды. Қазіргі уақытта жәдігер қорғауға алынды.