Стати ісі аяқталды: әділет министрлігі мәлімдеме жасады

Тараптар келісімге келді
Sputnik
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Қазақстан үкіметі, Ұлттық Банк пен Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен Стати тараптары еліміздегі мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды бейбіт және өзара қолайлы реттеу туралы заңды күші бар негіздемелік келісімге қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әділет министрлігіне сілтеме жасап.
"Біз негіздемелік келісімді қолдаймыз және Тоқаевтың құрметке сай реформаларының бөлігі ретінде Әділетті Қазақстан құру туралы шешімін құптаймыз. Осы дауды реттеу Қазақстанның халықаралық шарттық міндеттемелерін сақтауын куәландырады, бұл инвестицияларды ұлғайтуға және оның экономикалық өсу әлеуетін арттыруға жол ашады. Біз Қазақстан үшін жаңа дәуірді құптаймыз", - деді CEO Argentem Creek Partners Дэниел Чапман.
Тараптар барлық заңды талқылауларды тоқтатуға және барлық юрисдикциялардағы ағымдағы талаптарды тоқтатуға әкелетін өзара қолайлы шарттарда келісімге келуге қуанышты.
"Осы келісім қоғамдық мүдделерді ескерумен қабылданды және бюджеттік қаражатты жұмсауды көздемейді. Осы қадам елімізге жаңа инвестицияларды тартуға және экономиканың дамуына оң әсер ететініне сенеміз", -деді әділет министрі Азамат Есқараев.
Argentem Creek Partners – Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторлары болып табылатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы.