АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мен "QazaqEnergyCharge"ЖШС республикалық маңызы бар автожолдардың бойында электр қуаттағыш стансалардың инфрақұрылымын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
"Бұл автожолдардың бойында қуаттағыш стансалардың саны арттыруға және электр көлік иелеріне еліміздің жолдарында еркін жүруіне мүмкіндік береді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Меморандум елімізде заманауи және қолжетімді электр қуаттағыш стансаларын құруға, олардың тұрақты дамуы мен экологиялық жағдайды жақсартуда маңызды қадамдардың бірі болмақ.
Ал Ішкі істер министрлігі жүргізушілердің наразылығынан кейін электромобильдерге наклейка жабыстыруды міндеттейтін ереженің күшін жойды.
"Электромобиль" белгісі
© Photo
Министрлік жол қозғалысы ережесіне өзгеріс енгізіліп, 15 шілдеге дейін талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылғанын мәлімдеді.
Енді "Электромобиль" белгісін көлік иесінің қалауы бойынша орнату ұсынылып отыр.
Ішкі істер органдарында 13 мыңнан астам электромобиль тіркелген.