Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау көлемі артады

Биыл ресейлік газ транзитінің көлемін 3,8 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады
Sputnik
АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Биыл түрікмен және өзбек газдарын Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау көлемі артады. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет отырысында айтты.
Елдің газ бойынша транзиттік әлеуетін толыққанды пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2023 жылы қазанда еліміз арқылы Ресей газын Өзбекстанға транзиттеу басталды. 2023 жылы 1,28 млрд м³ тасымалданса, биыл аталған көрсеткішті 3,8 млрд м³-ке дейін арттыру жоспарлануда. Әрі қарай 11 млрд м³/жылына дейін ұлғайту көзделген.
Сондай-ақ, Түркіменстан мен Өзбекстан газын еліміз арқылы Қытайға транзиттеу тұрақты өсіп келеді. Биыл транзитті 37,1 млрд м³-ге дейін арттыру жоспарлануда .
Бұдан бөлек, Ресей газының Қырғызстанға транзитін арттыру мәселесі талқылану үстінде.
Сәтқалиев Қазақстан арқылы Ресейден Өзбекстанға газ тасымалдау қашан басталатынын айтты