20 млрд теңгеге жуық бюджет қаражаты жымқырылған

Қаржы пирамидалары бойынша 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Қазақстанда қаржы пирамидаларына қатысты 22 қылмыстық істі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттікте жарты жылдық жұмыстың қорытындысы шығарылды.
"Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Құқыққа қарсы мазмұндағы 14 мың сілтеме алдын ала бұғатталып, 100-ден астам құқыққа қарсы чаттар мен аккаунттар жойылды", - деліген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, 19,2 млрд теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
"Жалпы қылмыстық істер бойынша өтем 3,5 есе (48,3-тен 164,4 млрд теңгеге дейін), оның ішінде ақша 7 есе (11-ден 79 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, бұл жұмыс тиімділігінің артқанын көрсетеді", - дейді агенттік мамандары.