Президент екі елшіні тағайындады

Sputnik
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Мажарстандағы және Албаниядағы елшілер тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Жәнібек Әбдрашов лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Искандер Айсариев Қазақстанның Албаниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Тоқаев Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиевті Қазақстанның Албаниядағы елші қызметін қоса атқарушы қызметінен босатты.