Оңтүстік Қазақстанда малдан бруцеллез анықталды

Бруцеллез Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан анықталды
Sputnik
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ірі қара және ұсақ малдан бруцеллез анықталды. Жергілікті атқарушы органдар аумақта шектеу шараларын енгізуде, деп хабарлайды АРК Жаңалықтары агенттігі.
Шымкент қаласының бас ветеринариялық-санитариялық инспекторы 9 шілдеде есеп берді. 15 шілдеде қала әкімі инфекция анықталған аймақтарға шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Бруцеллез ірілі-ұсақты малдан, әртүрлі аумақтарда, бірақ қаланың бір ауданында – Абай ауданында анықталған.
Ал 11 шілдеде Түркістан облысының Қызылсеңгір ауылында да ірі қара малдан бруцеллезі анықталған. Оқиға орнында шектеу шаралары белгіленді.