Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Бейбітшілік саммиті туралы Зеленскийдің сөзіне Песков түсініктеме берді

Маусым айында Швейцарияда Украина бойынша бейбітшілік саммиті өтті
Sputnik
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Украина бойынша Швейцария саммиті бейбіт болған жоқ. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Звезда" телеарнасына айтты, деп хабарлайды Риа Новости.
Ресейдің келесі саммитке қатысу мүмкіндігі туралы айта отырып, Владимир Зеленскийдің нақты не айтпақ болғанын түсіну керек, деді Песков.
"Біріншіден, бейбітшілік саммиті мүлдем бейбіт болған жоқ. Сондықтан оның не айтқысы келетінін алдымен түсіну керек", - деді ол.
Айта кетері, маусым айында Швейцарияда Украина бойынша арнайы конференция ұйымдастырылды. Оған 160-тан астам елдің басшылары шақырылды. Бірақ 92 мемлекет келді. Ал бірлескен декларацияға 80 елдің өкілі қол қойды.
Конференцияға АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин қатыспады.
Швейцария Ресейге Украина бойынша саммитке қатысуға шақыру жібермеді. Кремль Украинадағы қақтығысты жағдайдан шығу жолдарын Ресейдің қатысуынсыз іздеу мүлдем қисынсыз және пайдасыз деп мәлімдеді.