Алматы облысында сел жүрді

Салдарынан 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үйді су басты
Sputnik
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көлбеу сел жүрді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Салдарынан 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үйді су басты.
Министрліктің бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады.
Сонымен қатар су басқан аумақтардан суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жағдайға мониторинг жасау жалғасуда.
Оған ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 техника жұмылдырылған.