12 жыл іздеуде жүрген ақтөбелік Алматыдан ұсталды

2012 жылы ол мал қорымын саламын деп, банк арқылы бірнеше траншпен 17 миллион теңге сомасында ақша алған
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген адам Алматы облысында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
12 жыл бойы ұстатпай қашып жүрген күдікті жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры болған.
"2012 жылы Ақтөбе облысының екі ауданында мал қорымын салуға келісіп, банк арқылы бірнеше траншпен 17 миллион теңге сомасында ақша иеленген. Алайда мал қорымын салмаған. Барлық ақшаны алғаннан кейін қашып кеткен", - дейді ведомство.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге мемлекетаралық іздеу жарияланған. Полиция қызметкерлері оны Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жасырынып жүрген жерінен тауып алған.