Тоқаев Геннадий Головкинді қабылдады

Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді
Sputnik
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берілді.
"Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады", - деп жазылған хабарламада.
Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр. Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.
Тоқаев Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларға Мемлекеттік туды тапсырды