Елімізде су ресурстарын реттеу комитеті құрылды

Жаңа комитет судың "қара нарығымен" күресті күшейту мақсатында құрылды
Sputnik
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігінде су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Жаңа комитет судың "қара нарығымен" күресті күшейту мақсатында құрылды.
Ол суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі.
"Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың "қара нарығына" қарсы күресті едәуір күшейтуі тиіс", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.