АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Алматыдағы қоқыс сұрыптайтын "Green Recycle" ЖШС зауытының жұмысшылары нәрестенің мәйітін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 14 шілдеде болған. Баланың денесі поолиэтилен пакетке оралған.
"Зауыт жұмысшылары қоқысты сұрыптау кезінде конвейер желісінен баланың денесін тапты. Бала қоқыс пакетіне оралған", - дейді "Green Recycle" ЖШС зауытының мамандары.
Алматы қалалық полицифя департаменті бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Баланың анасының кім екені және басқа да мән-жайлар анықталып жатыр, сараптамалар жасалады", - дейді полиция.
Ал зауыт мамандары болса бұл алғашқы оқиға емес екенін айтады.
"Соңғы 5 жылда осымен 4-ші сәбидің мәйіті табылып отыр. Бір ересек ер адамның мәйіті табылған. Жалпы бұдан бөлек қоқысты сұрыптайтын кезде алтын бұйымдар, ақшалар, қымбат ұялы телефондар көптеп табылады", - дейді зауыт мамандары.