АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында тауда демалып жүргендеді малшылар сабап, мылтықпен қорқытқан. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі анықтады.
Оқиға туралы видео әлеуметтік желілерде тарады. Видеода көрсетілгендей, Қаскелең таулары аймағында эндурист мотоциклшілерге шопандардың шабуылы болғандығы жазылған. Кадрларда қамшы ұстаған шопан мотоциклшіге күш көрсетеді, содан кейін оған қаруы бар адам мен тағы бір шопан қосылады. Олар құлаған мотоциклшіні ұрады.
Бұл жағдай 13 шілде сағат таңертең 09:00 шамасында "Известковый" тауында болған.
Редакция Қарасай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын анықтады. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылының екі тұрғыны анықталған. Қазір олар іздестіріліп жатыр.
Алматы облыстық полиция департаменті деоқиғаға қатысты түсінік берді.
"14 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданының полициясына "Известковый" тауларында бір топ адамға белгісіз адамдар шабуыл жасағаны туралы арыз түсті. Жәбірленуші шабуылдаушылар өзін және оның достарын жайылып жүрген малдарды үркіттідеп айыптағанын, содан кейін оны қамшымен ұрып, қарумен қорқытқанын хабарлады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуылдаушыларды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде", - деп түсініктеме берді облыстық полиция.