17 шілдеде телеарналар мен радио жұмыс істемейді

Sputnik
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik.17 шілде күні Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазтелерадио" АҚ-сына сілтеме жасап.
Компания тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін еске салды. Негізгі мақсат – телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету.
"2024 жылдың 17 шілде айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген ресми хабарламада.
Компания мамандары уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.