АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. "ВКонтакте" әлеуметтік желісі және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға сапарынан кейінгі әсері туралы жазды.
Ол өз жазбасында Қазақстанды Орталық Азияның экономикалық державасы деп атап өтті.
Основатель Telegram и Вконтакте Павел Дуров побывал в Астане, Алматы, в Боровом и на Чарынском каньоне и поделился впечатлениями
© Photo : Telegram-канал Du Rove's Channel
Дуров Астана мен Алматыда болғанын, оның ішінде Шарын шатқалы мен Бурабайды аралағанын айтты.
Основатель Telegram и Вконтакте Павел Дуров побывал в Астане, Алматы, в Боровом и на Чарынском каньоне и поделился впечатлениями
© Photo : Telegram-канал Du Rove's Channel
"Қазақстанның сұлулығымен тек оның амбициясы ғана бәсекелесе алады. Ел бизнеске қолайлы саясатымен және тиімді салықтарымен халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарды тартып отыр. Сондай-ақ инновациялық мектептер мен университеттерді қолдай отырып, білім мен ғылым саласындағы өз ұстанымын нығайтып жатыр", - деп жазды Дуров.
Ол сондай-ақ Қазақстанда 20 млн халықтың 12,5 миллионы Telegram қолданатынын айтты. Бұл былтырмен салыстырғанда 25%-ға жоғары.