Білім

Қызылордада Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект институты ашылды

Биыл институт төрт білім беру бағдарламасына 100 грант бөлді
Sputnik
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Қазақстандағы тұңғыш жасанды интеллект институты ашылды, деп хабарлайды 24KZ.
Институт Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастығы аясында Қызылордадағы Қорқыт ата университетінің базасында ашылды.

"Болашақ бағдарламашылар, киберқауіпсіздік, информатика және ақпараттық жүйелер мамандары Сеул ұлттық ғылым және технология университеті әзірлеген бағдарламалар бойынша оқытылады", - делінген хабарламада.

Биыл институт төрт білім беру бағдарламасы бойынша 100 грант бөлді: "Информатика", "Ақпараттық жүйелер", "Киберқауіпсіздік", "Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу".
Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның бірлескен жобасы қуатты материалдық-техникалық база құруды көздейді. Заманауи зертханалар ашып, озық білім беру бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.