АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Алматы-Екатеринбург тас жолында Ақшатау елді мекенінен Қарағанды қаласы бағытында 30 шақырым жерде жол апатынан бес адам көз жұмды.
"Жеңіл көлік автобуспен бетпе-бет соқтығысқан. Автокөліктің барлық 4 жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы қаза тапты", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тағы 11 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.