АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Елена Рыбакина "WTA чемпиондар жарысында" екінші орынға көтерілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Жыл басынан бері қазақстандық 4901 ұпай жинаған. Рыбакинаның ең жақын тұрған ізбасары – 4505 ұпай жинаған "Уимблдон 2024" турнирінің финалисі италиялық Ясмин Паолини. Әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швёнтек 7465 ұпаймен көш бастап тұр.
"WTA чемпиондар жарысы"– маусымның ең үздік 8 теннисшісі ғана бақ сынайтын жылдың қорытынды турнирі. Биылдан бастап 2026 жылға дейін турнир Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді. 2024 жылы байқау 2-9 қараша аралығында өтеді. Жүлде қоры рекордтық 15,25 миллион долларға жетіп отыр.