АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша алдағы іс-қимылды талқылауға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлады БЕЛТА.
"Олар қанша жерден ала көзбен атса да, біз украиндар үшін жау емеспіз. Мұны талай рет айттым. Олар біздің адамдар. Біз сияқты, орыстар сияқты, ресейліктер сияқты адамдар. Тез арада келісімге келуіміз керек. Келісімге келуге болады екен. Бірақ бастысы сөйлесу керек. Диалог, әңгіме болмаса, жағдай шиеленісіп, адамдар қаза таба береді", - деп атап өтті Беларусь басшысы.
Лукашенко украиналық әскерилер арасында "жібі түзу адамдар" бар екенін, ал ресейліктер келіссөз үстеліне отырып, келісімге келуге дайын екенін айтты. Алайда Украина НАТО күштерінің итермелеуімен соғысты жалғастырып жатыр, деді ол.
"Өте өкінішті. Бірақ сөйлесу керек. Біз жақын арада Владимир Владимирович Путинмен кездесуде осы мәселені талқылап, әрі қарай қалай әрекет ететінімізді ақылдасамыз деген ойдамын", - деп түйіндеді Беларусь президенті.