АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Электр қуатының тапшылығына байланысты Украина екі күн қатарынан Польшаның энергия жүйелерінен шұғыл көмек сұрауға мәжбүр болды. Бұл туралы Украина энергетика министрлігінің Telegram арнасында жазылды, деп хабарлайды Риа Новости.
"Ресейдің жаппай атқылауына байланысты энергетикалық жүйеде қуат тапшылығы туындады. Өткен тәулікте оны ішінара жабу үшін Украина Польшадан апатты жағдайда қосымша электр қуатын тартты. Шұғыл көмек бүгін де тартылды", - делінген хабарламада.
Энергетика министрлігі Днепропетровск және Харьков облыстарында атыс салдарынан әуе желілері сөніп, қосалқы станциялар электр қуатынсыз қалып, оларға тұрмыстық тұтынушылар қосылғанын атап өтті. Сонымен қатар, сенбіге қараған түні Украина мен Молдованың электр желілерін байланыстыратын жоғары вольтты әуе желісі қысқа уақытқа сөніп қалды. Қазір ол қалыпқа келтірілді.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, сенбіде жалпы көлемі 28,7 мың мегаватт-сағат электр энергиясын Румыния, Словакия, Польша, Венгрия және Молдовадан импорттау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл ретте электр энергиясын экспорттау қарастырылмаған.
"Укренерго" энергетика компаниясының басқарма төрағасы Владимир Кудрицкий 18 сәуірде елдің энергетикалық жүйесінде әлсін-әлсін тапшылық болатынын ескертті.
Бұған дейін "Укренерго" Украинадағы энергетикалық нысандарға келтірілген залалдың мөлшері өте үлкен екенін, электр станциялары мен қосалқы станциялар өз шегінде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеп, компания электр энергиясын үнемді тұтынуға шақырған.
12 сәуірде Украинаның энергетика министрі Герман Галущенко ел тұрғындарын ықтимал блэкаутқа дайындалып, генераторлар сатып алуды сұрады.