АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Пичтің айтуынша, қарсыластар арасындағы текетірес Лас-Вегаста шілденің 13-інен 14-не қараған түні өтуі керек еді, бірақ қазақстандық боксшының денсаулығына байланысты шаршы алаңдағы кездесу болмай қалды, себебі Әлімханұлы салмақ қуу кезінде ағзасындағы ылғал азайып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды sports.kz Жаңа Зеландиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.
"Андрей бұл жаңалыққа қатты қапалы. Менің ойымша, Жәнібекті атағынан айыру керек және ол атақтарынан айырылады және алдағы екі айда әлем чемпионы атағы үшін тартысамыз деп ойлаймын. Бұл біздің жоспарымыз. Бұл жекпе-жекте жеңіске жетуге дайындалу үшін соңғы 10-12 аптаның ішінде біз өте көп жұмыс жасадық, сондықтан бәріміз де жабырқап отырмыз. Ол бәрін қүртты, ESPN-ге арналған шоу да құрыды, бүкіл промоушен далаға кетті. Бұл жағдай мені адбыратып тастады. Бұл кәсіби емес және ақылға қонымсыз", - деді жаңа зеландиялық боксшының бапкері Андрей Михайлович.
Естеріңізге сала кетейік, боксшылар WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласуы керек еді.
Алайда журналист және Talksport.com сайтының инсайдері Майкл Бенсон жекпе-жектің болмайтынын хабарлады.
"Жәнібек Әлімханұлының Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі ертең түнде болмайды, өйткені Жәнібек бейсенбіге қараған түні салмақ тастау кезінде құлап, ағзасының қатты сусыздану салдарынан ауруханаға түсті", - деп жазды Бенсон әлеуметтік желідегі X парақшасында.
13 шілдеге қараған түні Жәнібек Әлімханұлы медициналық мекмеден шығарылды. Спортшының айтуынша, қазір денсаулығына байланысты барлық қиындықтар артта қалды. Ал жекпе-жек алдындағы әдеттегі салмақ қуу ол үшін өзіндік сынақ болды.