Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25%-ке дейін төмендетті

Мамыр және маусымда жылдық инфляция төмендеді
Sputnik
АСТАНА, 12 шілде - Sputnik. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25%-ке дейін 25 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады.
Маусымда айлық инфляция 0,4%-ға дейін баяулап, орташа тарихи мәндерден төмен (0,5%) қалыптасты.
Еске салсақ, мамыр және маусымда жылдық инфляцияның төмендеу үрдісі жалғасын тапты.
"Инфляциялық күтулер сәуірден бері баяулап келеді. Әлемдегі азық-түлік бағасының өсуі мен Ресейде инфляцияның жеделдеуіне байланысты сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыздау болып отыр, - делінген хабарламада.
Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляция 2024 жылғы маусымда 8,4 %-ға дейін баяулады. Бұл Ұлттық Банктің болжамдары шегінде олардың орталық мәнінен төмен.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,50% дейін төмендетті