АЛМАТЫ, 12 шілде - Sputnik. Отандық әуе компаниялары жыл басынан бері шамамен 5,5 миллион жолаушыны тасымалдады, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ке артық.
Бүгінгі таңда аптасына 640 рейс 53 бағытта жолаушы тасымалдайды, оны 6 әуе компаниясы жүзеге асырады.
"Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады", - дейді ведомство.
Халықаралық әуе қатынасында 29 елге аптасына 619 рет рейстер 107 бағыт бойынша ұшады. Оның ішінде, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа да елдер бар.