АЛМАТЫ, 12 шілде - Sputnik. Қарағандыда заңсыз иемденілген "Сарыарқа" хоккей клубы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық прокуратурасы
Заңсыз берілген активтер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр.
"Прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін, сондай-ақ құны 900 миллион теңге болатын "Сарыарқа" хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтарды. Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр”, - дейді ведомство.
Айта кетері, 2023 жылғы 12 шілдеде президент "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңға қол қойды.