АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны 2024 жылғы мамырдың аяғында 813,8 мың адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезімен салыстырғанда 13,8%-ға азайды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметі бойынша, Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес, ЕАЭО-дағы жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың бірінші тоқсанында жұмыс күшінің 3,2%-ын құрады, оның ішінде
Арменияда – 15,5%,
Беларусьте – 3,3%,
Қазақстанда – 4,7%,
Қырғызстанда – 4,9% (2022 жыл),
Ресейде– 2,8%.
Еуразиялық экономикалық одақ өнеркәсіптік кооперацияны қаржылық қолдау тетігін іске қосып жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Біраз уақыт бұрын тікелей қаржылық қолдау тетігін іске қосу үшін қажетті барлық заңнамалық рәсімдер аяқталды.