Әділет министрлігі алаяқтыққа қарсы пилоттық жобаны іске қосты

Азаматтар енді 1414-тен СМС және EGov-mobile push-хабарламалар арқылы хабардар етіледі
Sputnik
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Әділет министрлігі алаяқтық әрекеттермен күресу мақсатында пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұрын нотариустар мен сот орындаушылары азаматтарды тапсырыс хат арқылы хабардар етсе, енді олар электронды хабарламаларды сенімді байланыс арналары арқылы жібереді.
"Өткен жылы әділет органдарына нотариустар мен сот орындаушылардың әрекетіне қатысты 40 мыңнан астам шағым келіп түсті. Көбі нотариустардың атқарушылық жазбаларды шығарғаны туралы білмегенін, қандай да бір тыйымдар мен шектеулер салынғаннан кейін ғана білгенін хабарлады", - дейді ведомство.
Енді азаматтарға атқарушылық іс туралы және нотариус немесе сот орындаушысы туралы егжей-тегжейлі ақпараттар 1414-тен СМС-хабарламалар және EGov-mobile-дан push-хабарламалар арқылы уақытылы келіп отырады.
Қоғам
Елімізде интернет-алаяқтық өршіп тұр: қазақстандықтар 6 млрд теңгесінен айырылған