АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. 1 қаңтардан еңбекақысы тариф есебінен төленетін "Қазсушар" мамандарының айлығы орта есеппен 25%-ға көтерілді, деп хабарлайды су ресурстары министрлігі.
Ал 1 мамырдан еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін бірқатар маманның айлығы 25%-ға ұлғайды.
"Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту бағытындағы жұмыс одан әрі жалғасады. Бұл бір күндік іс-шара емес және су шаруашылығы мамандықтарының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл біз үшін өте маңызды", - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Еске сала кетейік, 9 шілдеде елімізде су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті.
Кәсіби мерекеде су саласының 323 қызметкері мен ардагері марапатталды.