БРИКС жұмысының принциптеріне қызығушылық артып келеді – Путин

Бұл туралы Ресей президенті Парламентаралық одақтың (ПАО) төрағасы, Танзания Біріккен Республикасы Ұлттық жиналысының спикері Тулия Экссонмен кездесуінде мәлімдеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 шілде – Sputnik. Путин Эксонмен кездесуінде БРИКС парламенттік форумына келгені үшін алғыс айтты.
"Оған (БРИКС Парламенттік форумы) әлемнің 18 елінен 400 делегат қатысып жатыр және бұл БРИКС-ке халықаралық қауымдастық тарапынан қызығушылық бар екенін, сенім артып келе жатқанын көрсетеді.
Өйткені шынайы теңдік пен бір-бірінің мүддесін ескеруге негізделген БРИКС жұмысының принциптері халықаралық қызметке қатысушыларды тартпай қоймайды", - деді Ресей президенті Санкт-Петербургтегі кездесуде.
Ол Парламентаралық одақтың әлемде беделді ұйым екенін атап өтіп, Мәскеу ПОА-ны Африка өкілі басқарып отырғанын құптайтынын айтты.
Бұған дейін 11-12 шілдеде Санкт-Петербургте БРИКС Х Парламенттік форумы өтіп жатқаны, оған қатысу үшін ҰҚШҰ елдері парламенттерінің спикерлері келгені туралы хабарланған болатын.
Қырғызстан парламентінің спикері БРИКС-пен ынтымақтастыққа мүдделі екенін айтты