АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісінің жолын кесті.
"Тергеу барысында күдіктінің "Покер" құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды. Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан", — деп жазды ведомство хабарламасында.
Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасына кесілді.