"Иннопром-2024" көрмесінде 4 ірі қазақстандық кәсіпорын өз өнімдерін таныстырды

Халықаралық өнеркәсіп көрмесінің негізгі бөлімдері металл өңдеу, көлік-машина жасау, энергетика, автоматизация және робототехника, цифрлық өндіріске арналған
Sputnik
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik.Екатеринбургте өтіп жатқан "Иннопром" халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қазақстандық 4 ірі кәсіпорынның өнімдері таныстырылды.
Олар: Қазақмыс корпорациясының Қарағанды құю-машина жасау зауыты (KLMZ), Railways Systems KZ, Alageum Electric және "ВодЭкоФильтр" өнеркәсіптік сүзгі өндірушісі.
Көрмеде Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жетекші өнеркәсіптік "ОралКран" және "Еуразия механикалық зауыты" компанияларының өкілдерімен ынтымақтастық пен технология алмасу жөнінде келіссөздер жүргізді.
Иннопром көрмесі Еуразиядағы өндірістік жетістіктерді көрсетуге және халықаралық байланыстарды орнатуға арналған ең ірі алаңдардың бірі болып табылады. Оү Екатеринбургте 8-11 шілде аралығында өтеді және оғае әлемнің түкпір-түкпірінен 50 мыңнан астам өкілдер қатысып жатыр. Бұл жаңа серіктестер мен инвесторларды табуға көмектеседі.
Бұған дейін Екатеринбургте өткен "Иннопром" көрмесінде Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков соңғы үш жылда Қазақстанның Еуразия елдерімен тауар айналымы бір жарым есеге, ал экспорт 65%-ға жуық өскенін айтқан болатын.