ЕАЭО мен БАӘ экономикалық әріптестік жөніндегі келіссөздерді күзде аяқтауы мүмкін

2022 жылдың желтоқсанында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес БАӘ-мен келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдаған еді
Sputnik
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. "ИННОПРОМ-2024" көрмесі аясында ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев БАӘ сыртқы сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Тани бен Ахмед Әл Зайудимен кездесті, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
"Тараптар ЕАЭО мен БАӘ арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім бойынша келіссөздердің сәтті өтуін құптады және олардың осы жылдың күзінде аяқталуын қалайтынын мәлімдеді", - делінген хабарламада.
"Біз Әмірлік тарапының оң көзқарасын бағалаймыз. Біздің елдер арасындағы сауда тұрақты түрде өсуде және бұл келіссөздердегі барлық қалған мәселелерді бірлесіп шешуге көмектеседі", - деді Андрей Слепнев.
2022 жылдың желтоқсанында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес БАӘ-мен келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдады. Бүгінгі күні келіссөздердің үш раунды өтті.
Келіссөздердің келесі раунды осы жылдың қыркүйек айында өтеді деп күтілуде.