Чжан Мин: ШЫҰ табиғи түрде дамиды, ұйым барлығына ашық

Sputnik
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мүшелер санын кеңейтуді мақсат етпейді, ұйымның дамуы табиғи түрде жүреді, ол барлығына ашық, деп хабарлады ұйымның Бас хатшысы Чжан Мин сәрсенбіде.
"ШЫҰ-ның мүшелік құрамды кеңейтуге қатысты нақты мақсаты жоқ. Бірақ халықаралық қауымдастық соңғы жылдары ұйымның өзі және ШЫҰ-ның қалай өсетініне көп көңіл бөлуде. Бұл, әрине, бізді қуантады", - деді Чжан Мин Астанадағы саммит қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.
Бас хатшы ШЫҰ-ның тартымдылығы мен оның халықаралық имиджі үнемі артып келе жатқанын айтты.
"Бірақ бізде қатысушылар санын көбейтуге әдейі механикалық түрде ұмтылуға ниет жоқ, бұл ұйымның тәуелсіз дамуының объективті нәтижесі, бұл өздігінен жүретін даму процесі", - деді Чжан Мин.
Ол сондай-ақ ШЫҰ бейбітшілікке, тұрақтылыққа, қауіпсіздікке, аймақ пен халықаралық қауымдастықтың дамуы мен өркендеуіне ықпал ететінін айтты.
"ШЫҰ-ға қызығушылық танытқан елдер біздің есігімізге табиғи түрде кіреді. Біз оларға әрқашан ашық көзқараспен қараймыз", - деді Чжан Мин.
ШЫҰ-2001 жылы құрылған халықаралық ұйым. Оған: Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан және Өзбекстан кіреді. Бақылаушы елдер – Ауғанстан мен Моңғолия, ШЫҰ диалог бойынша серіктес елдер – Әзербайжан, Армения, Бахрейн, Египет, Камбоджа, Қатар, Кувейт, Мальдив аралдары, Мьянма, Непал, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Түркия, Шри-Ланка.