АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" 11-13 шілдеге ауа райы болжамын жасады.
Синоптиктердің мәліметінше алдағы үш күнде атмосферадағы синоптикалық жағдайға оңтүстік циклон әсер етеді, ауа райы бұлтты болады деп болжанып отыр. Өткінші жаңбыр жауады.
Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.
"Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел күшейеді деп болжануда", - деп жазылған хабарламада.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С дейін, солтүстік-батыста +20+30°С дейін төмендейді, ал республиканың солтүстігі мен шығысында +28+38°С дейін жоғарылайды, қалған аумақта өзгеріс болмайды.