АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Астана қаласы мен Жамбыл облысы полицейлерінің бірлескен іс-қимылының нәтижесінде коммерциялық ұйымдардың кеңселерінен ақша ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Атырау, Алматы және Түркістан облыстарынан келген үш күдікті бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған.
Қаскөйлер әр қылмысқа мұқият дайындалып, бейнебақылау камералары мен басқа да техникалық күзет құралдарына қарамастан әрекет еткен.
Тергеу барысында ұсталғандардың Астана қаласында болған тонауға және Тараз қаласындағы кеңселердегі үш ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды.
Жалпы келтірілген шығын 13 млн теңгеден асады. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр.