Юлия Путинцева Уимблдон-2024 турнирін аяқтады

Остапенко кейінгі алты жылдың ішінде алғаш рет Уимблдонның 1/8 финалынан әрі өтті
Sputnik
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Әлемнің 35-ші ракеткасы қазақстандық Юлия Путинцева Ұлыбритания ашық чемпионатындағы төртінші кездесуін өткізді.
Путинцева Уимблдонның 1/8 финалы кезеңінде латвиялық теннисші Елена Остапенкоға (WTA рейтингінде 14-ші орында) қарсы ойнады. Екі сетте қазақстандық спортшы 2:6, 3:6 есебімен жеңілді. Ойын бір сағат тоғыз минутқа созылды.
Айта кетері Остапенко 2017 жылы "Роллан Гарросты" жеңіп алды.
Уимблдонның ширек финалында ол Даниэль Коллинз (АҚШ) - Барбора Крейчикова (Чехия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Әйелдер арасындағы Уимблдон 2024 1-13 шілде аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы – чехиялық Маркета Вондроушова бірінші айналымда жеңіліп қалды.