Утиль алымына қарсы петицияның қоғамдық тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды

Бұған дейін утиль алымына қарсы 50 мың адам қол қойған петиция жұмыс тобының қарауына алынған еді
Sputnik
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утилизациялық алымға қатысты петицияны қарау жөніндегі қоғамдық тыңдау қашан өтетінін жариялады.
Министрліктің хабарлауынша, қоғамдық тыңдау Алматы қаласындағы "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС зауытында 15 шілдеде сағат 11.00-де өтеді.
Сондай-ақ, министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында және бірқатар ақпарат агенттік арқылы тікелей эфир ұйымдастырылады.
Айта кетері, бұған дейін утиль алымына қарсы 50 мың адам қол қойған петиция жұмыс тобының қарауына алынды. Оның құрамына парламент депутаттары, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, мәдениет және ақпарат вице-министрлері, сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енді.
Сондай-ақ топ құрамына петиция бастамашылары, яғни бірқатар қоғамдық бірлестік, сарапшылық қоғамдастық және өнеркәсіп секторының өкілдері де кірген.
Скляр неліктен утиль алымды алып тастауға болмайтынын түсіндірді