Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей аумағына соққы беруге қойылған шектеу алынбайды – Ақ үй

Sputnik
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. АҚШ Ресейдің соққысынан кейін Украина қарулы күштерінің Ресейдің ішіне қарай шабуылдауына қойылған шектеуді алып тастауды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлады Ақ үйдің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби брифингте.
"Біздің саясатымыз өзгермеді. Бірнеше апта бұрын президент нұсқау берді. Олар Украинаға жеткізілген қаруды шекара бойындағы нысанаға шабуыл жасау үшін қолдана алады", - деп РИА Новости оның сөзінен үзінді келтірді.
Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі Киев режимінің Ресей Қарулы Күштерінің азаматтық нысандарға қасақана соққы бергені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын және НАТО саммиті алдындағы "кезекті арандатушылық" екенін мәлімдеген болатын.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
НАТО-ға мүше мемлекет Ресей мен Украина арасындағы диалогқа делдал болғысы келеді