Отар-Алматы учаскесінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Осыған байланысты №4 "Астана-Алматы-2" пойызының қозғалысы тоқтатылды
Sputnik
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Бүгін Шилібастау станциясында №4 "Астана – Алматы-2" жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясы.
Компанияның мәліметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Отар-Алматы учаскесінде туындаған техникалық себептерге байланысты №4 "Астана-Алматы-2" пойызының қозғалысы тоқтатылды.
Осы жағдайға байланысты, №4 "Астана-Алматы-2" пойызының жолаушылары басқа пойызға көшірілген.
"Жолаушыларды стандартты вагондардан құралған №504/503 "Алматы-2-Отар-Алматы-2" бір реттік пойызы тасымалдайды. Осы пойыздың жолаушыларына багажды және жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес айырма төленеді", - делінген хабарламада.
Компания уақытша қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша ақпаратты "1433" нөмірі арқылы алуға болады.