Ресей Федерациясы үкіметінің басшысы "Иннопром" көрмесін аралау кезінде "Технологиялық серіктестік: халықаралық бизнестің назарында" атты басты стратегиялық сессияда сөз сөйледі.
Оның жұмысына Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров және Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қатысып жатыр.
"Иннопром" – пікір және тәжірибе алмасуға арналған, негізгі салаларды дамытудың оңтайлы жолдарын іздеуге арналған маңызды алаң, деп атап өтті Мишустин.
"Иннопром" көрмесінде Беларусь, БАӘ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның ұлттық экспозициялары ұсынылған.
Көрмеде төрт ірі отандық кәсіпорын 208 шаршы метрлік қазақстандық экспозицияны ұсынды. Олар: Қарағанды құю - машина жасау зауыты (KLMZ) "Қазақмыс" корпорациясы, Railways Systems KZ, Alageum Electric және "ВодЭкоФильтр"өнеркәсіптік сүзгілерін өндіруші зауыт.
Сондай-ақ Армения, Сербия, Куба, Әзербайжан, Түркіменстан, Оман, Үндістан, Таиланд, Пәкістан, Түркия және басқа елдерден делегациялар қатысуда.
Көрменің негізгі бөлімдеріне металл өңдеу, компоненттер өндірісі, энергетика, автоматтандыру және робототехника, цифрлық өндіріс және басқа да негізгі салалар кіреді.