АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев осы айда пайдалануға берілетін жаңа жолдарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде ұзындығы 879 шақырым "Қарағанды – Алматы" жолының 400 шақырымында асфальт төсеу аяқталды.
"Аталған жобаға 1 мыңнан астам жол техникасы және 2 мыңға жуық жұмысшы тартылған. Шілде айында аталған жолдың 83 шақырымы уақытынан бұрын пайдалануға беріледі",-деді Қарабаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал "Талдықорған – Өскемен" автожолының 751 шақырымында (98%) асфальттың төменгі қабаты төселген. Үстіңгі қабаттың 391 шақырымы жаңартылды.
"Шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдануға беріледі", - деп атап өтті министр.
Айта кетері, осы айда Қазақстандағы ең ұзын тоннель де ашылады.