"GxP-Профи 2024" фармацевтикалық инновациялық байқауы басталды

Ол 30 қарашаға дейін жалғасады, жеңімпаздар мен қатысушылар желтоқсан айының басында марапатталады
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 шілде - Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақта фармацевтикалық өндірістің сапасы саласындағы инновацияларға арналған "GxP-Профи 2024" халықаралық салалық байқауы басталды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі. Ол 30 қарашаға дейін жалғасады.
Іс-шара екі кезеңде өтеді: іріктеу және финал.
"Дәрілік заттарды өндіруші фармацевтикалық кәсіпорынның сапа жүйесін жақсартуға бағытталған жобалар қабылданады. Олар жетекші халықаралық және ресейлік салалық сарапшылар кіретін тәуелсіз комиссияның бағалауынан өтеді", - делінген хабарламада.
Байқау Одақтың дәрі-дәрмек өндірушілері арасында сапа саласындағы инновациялық лидерлерді анықтауға және үздік инновациялық шешімдерді енгізуге көмектесуге арналған.
Тұтастай алғанда ЕАЭО елдеріндегі фармацевтикалық компаниялардың беделін арттыру, олардың әлемдік нарықтардағы бәсекелестік артықшылықтарын дамыту және Одақтың фармацевтикалық саласы әлеуетінің өсуіне ықпал ету көзделген.
Байқауға қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі осы жылдың желтоқсан айының басында өтеді.