Терроризм үшін сотталған Астана тұрғыны тағы 6 жыл қосып алды

Енді, ол 20 емес, 26 жылын түзеу мекемесінде өткізеді
Sputnik
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір айдың ішінде сотталған үш қазақстандықтың ісін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шымкентте қаласының екі тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды. Олар өз ортасында, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқан.
Ал түрмеге қамалған Астана тұрғынына тағы алты жыл қосып берді. Ол биыл ғана ақпан айында көпшілік алдында билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға шақырғаны үшін 20 жылға сотталған.
"Бірақ заңсыз әрекеттерін тоқтатпады. Тергеу изоляторында болған кезде және камераластарына терроризм идеологиясын таратуға тырысты", - делінген ресми хабарламада.
Енді, ол 20 жыл емес, 26 жыл түзеу мекемесінде өткізеді.
Мектептерде терроризм жайлы жалған ақпараттың таралуына шетел азаматтарының қатысы бар