АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі 2024 жылдың 13 тамызында Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі XII Мәскеу конференциясын өткізеді.
"Бүгінде көпполярлы әлемдік тәртіптің қалыптасуы кезеңінде тек бірлескен күш-жігер, ашық диалог арқылы ғана халықаралық аренадағы текетіресті азайтып, жағдайды тұрақтандыруға және тең құқылы ынтымақтастық кеңістігін құруға болатыны анық", - делінген министр Андрей Белоусовтың атынан жолданған құттықтауда.
Ведомство басшысы аталған конференцияға қазіргі әскери-саяси жағдайды талқылау және жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің жаңа, тұрақты және әділ архитектурасын қалыптастыру бойынша өз пікірлерін ұсыну үшін қорғаныс ведомстволарының, халықаралық ұйымдардың, сарапшылық және саясаттану қауымдастықтарының өкілдерін шақырды.
РИА Новости "Армия" форумының ресми ақпараттық серіктесі болып табылады.
Sputnik - халықаралық ақпараттық серіктес болып табылады.