Жетісу облысында джип мінген екі адам өзенге батып кете жаздады

Sputnik
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Жетісу облысында құтқарушылар джип мінген екі адамды құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Туристер Текелі қаласынан 28 шақырым жердегі Қора шатқалына барған. Сол жерде жол талғамайтын көлікпен өзеннен өтіп кетпекші болды, бірақ қатты су ағысы джипті алып кеткен.
Құтқарушылар көмекке келіп үлгерді. Екі ер адам Текелі қаласына жеткізілді, медициналық көмектің қажеті болмады.
Батыс Қазақстан облысында бір үйір жылқы суға батып кете жаздады