АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үйлер салынып жатыр, деп хабарлайды өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Қазіргі мәлімет бойынша, барлық 80 үйлердің іргетасы құйылған. 29-ында қабырғалар тұрғызылуда. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 7 мердігер тартылып, 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде.
Құрылысты ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында 2 674 нысанға техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:
100 үй салу;
1 376 үй сатып алу – 1 341 сатып алынды;
1 198 үйді жөндеу – 1 174-інде жұмыстар аяқталды.