Алматыда мәңгілік алау қалалық газ құбырына қосылды

Sputnik
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алау қалалық газ құбырына қосылды.
Бұрын оны жағу үшін сұйытылған газ пайдаланылды.
"1975 жылдан бері газбен қамтамасыз ету жабдығы жаңартылмаған. Қазіргі заманғы қондырғыларға көшу алаудың үздіксіз жануын қамтамасыз етеді", - деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.
ТМД дипломаттары Астанадағы мәңгілік алау мен Панфилов ескерткішіне барды