АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Түркия Украинадағы қақтығысты реттеу үшін елдерді кеңінен тарта отырып, "бейбітшілік алаңын" құру қажет деп санайды. Бұл туралы Түркияның СІМ басшысы Хакан Фидан мәлім етті, деп хабарлайды Риа Новости.
"Үш жыл бойы жалғасып келе жатқан Украинадағы қақтығыс біраз уақыт прокси-соғыс сипатына ие болды. Қазіргі стратегиялық көрініс екі жақтың да кеңінен қаруланғанын, агрессивті мінез-құлқын көрсетеді. Түркия бейбітшілік орнату бастамаларын, елдер мен дипломатияны кеңінен тарта отырып, бейбітшілік платформасын құруды қолдайды", - деді Фидан сенбіде Шушадағы Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде.